Жұмыс көлемі азайған жағдайда қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту туралы шешімді жұмыс беруші бір жақты қабылдай ала ма?
Әмірхан ШЕРХАНОВ, Қызылорда облысы
Еңбек заңына сәйкес, жұмыс көлемі азайған болса, жұмыс беруші заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді жұмыстан қысқартуды жүргізе алады.
Қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту туралы шешімді жұмыс беруші дербес шешеді. Бұл ретте қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту кезінде жұмыс беруші қысқарту жүргізудің рәсімін сақтауы тиіс.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 56-бабына сәйкес, егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші қызметкерлер штатын қысқарту бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
Еңбек шарты қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту негізі бойынша бұзылған кезде қызметкер келіскен жағдайда жұмыс беруші оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауы тиіс.
Бұл ретте Кодекстің 157-бабына (1-т. 1-т.) сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айырылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
Сонымен қатар, заң талабына сай, қызметкермен еңбек шартын бұзу кезінде оған пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақысы мен тиісті кезең бойынша тиесілі жалақысы төленуі тиіс.
Қысқартуды жұмыс беруші бір жақты шеше ала ма?
Последние статьи автора