Қысқартуды жұмыс беруші бір жақты шеше ала ма?

Қысқартуды жұмыс беруші бір жақты шеше ала ма?

Жұмыс көлемі азайған жағдайда қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту туралы шешімді жұмыс беруші бір жақты қабылдай ала ма?
Әмірхан ШЕРХАНОВ,
Қызылорда облысы
Еңбек заңына сәйкес, жұмыс көлемі азай­ған болса, жұмыс беруші заң­намамен бел­гіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді жұмыстан қысқартуды жүргізе алады. 
Қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту туралы шешімді жұмыс беруші дербес шешеді. Бұл ретте қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту кезінде жұмыс беруші қысқарту жүргізудің рәсімін сақтауы тиіс.
Атап айтқанда, Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Еңбек кодексінің 56-бабына сәй­кес, егер еңбек шартында, ұжымдық шарт­та ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші қызметкерлер штатын қысқарту бойын­ша еңбек шартын бұзатыны туралы қыз­мет­керге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
Еңбек шарты қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту негізі бойынша бұзылған кезде қызметкер келіскен жағ­дайда жұмыс беруші оны басқа жұмысқа ауыстыру шара­ларын қабылдауы тиіс.
Бұл ретте Кодекстің 157-бабына (1-т. 1-т.) сәйкес, жұмыс беруші қыз­мет­керлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айырылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
Сонымен қатар, заң талабына сай, қызметкермен еңбек шартын бұзу кезінде оған пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақысы мен тиісті кезең бойынша тиесілі жалақысы төленуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста