Қазіргі жаз айларында көпшілігіміз құрылыс жұмыстарын жүргіземіз. Қала сыртынан үй сала бастап едім. Осы Алматыдағы құрылыс қызметінің бағасы биыл қандай көрсеткіште? Осыны нақты білуге бола ма?
Алмаз СЕРІӘЛІ, Алматы қаласы
Бұл сауалға Алматы қаласы бойынша «Барометр» маркетингтік талдау орталығының бас менеджері Нұрлығаным Әділбекова жауап береді:
- 2014 жылдың маусым айындағы мәліметтерді өткен жылдың нақ осы айымен салыстыра айтсақ, Алматыдағы құрылыс-монтаж жұмыстарының бағасы 3,1 пайызға, құрылысқа қажетті машиналар мен жабдықтардың қызметі – 3,7 пайызға, өзге жұмыстар мен шығындар – 2,2 пайызға өсті.
Жалпы, қолда бар деректер бойынша, құрылыс ұйымдары пайдаланатын материалдар, деталдар мен конструкциялардың бағасы жыл басынан бері 0,8 пайызға өскен. Болат конструкциялар 6, 2 пайызға, портландцемент - 2, 2 пайызға, құрылыс құмы – 3,8 пайызға, ағаш-талшықты тақталар - 1, 7 пайызға, гипсокартон - 1, 5 пайызға, олиф-1,4 пайызға қымбаттаған.
Негізінен елдегі құрылыс қызметінің және құрылыс материалдарының бағасының өсуіне бірден бір ықпал ететін дүние - отандық құрылыс жұмысын жүргізетін мамандардың тапшылығы мен құрылыс өнімдерінің шеттен көптеп тасымалданатыны. Сондықтан келешекте де құрылысқа қажетті материалдардың құны өсе түседі. Алдағы шілде-тамыз айларында жоғарыда көрсетілген құрылыс материалдарының бағасы 2-3 пайызға тағы да қымбаттайды деп күтілуде.
Құрылыс қызметі қанша пайызға қымбаттады?
Последние статьи автора