Таразда осыдан бiрнеше жыл бұрын әуе апатынан қаза болған қыз бен жiгiтке арнап ескерткiш тұрғызылды. Сол жастардың аты-жөнiн бiлуге бола ма?
Айгүл ӘДIЛ, Жамбыл облысы
2005 жылғы желтоқсанның 23-iнде Ақтау – Баку бағытындағы лайнерлердiң бiрi апатқа ұшырағанда, қаза тапқандардың арасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондонда оқып жатқан қос студент Айнұр Сүлейманова мен Болат Карентаев болды. Ақтөбе облысының Қобда ауданында туған Айнұр екi оқу орнын бiтiргеннен кейiн Ұлыбританияның Бизнес мектебiне және «Болашақ» грантымен Кардив университетiне түстi. Алматыдағы «Таң» телеарнасында жүргiзушi болған ол «Би-Би-Сиге» жұмысқа шақырылған. Болат Карентаев та талантты жас болатын. Кардив университетiне түспестен бұрын ол Каспий маңындағы мұнай барлау мекемелерiнде басқарушылық қызметте тәжiрибеден өткен. Айнұр екеуi Лондонда танысып, көңiл жарастырады. Кейiн отбасын құруға бел байлап, елдегi ақсақалдардың батасын алмақ болады. Бiрақ қайғылы қаза қос ғашықтың өмiрiн қыршынынан қиды. Айнұр мен Болаттың тағдыры ұқсас. Бiреуi – Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ауылдасы болса, екiншiсi – Кеңес Одағының батыры Ағадiл Сухамбаевқа туыс. Екi жыл бұрын Ақтөбе мен Тараз облыстарының басшылары қос ғашыққа арнап, олардың туған жерлерiнде ескерткiш орнату туралы шешiм шығарды.
Құрметке лайық қос ғашық
Последние статьи автора