Құрлықтық хоккей лигасы қай елдікі?

Солтүстік Америкада Ұлттық хоккей лигасы бар. Кейінгі жылдары Құрлықтық хоккей лигасы деген шықты. Бұл Еуропанікі ме? «Қазцинк-Торпедо» мен «Сарыарқа» да осы лигада ойнай ма?
Қайрат Т.,
Алматы қаласы
Құрлықтық хоккей лигасы – халықаралық лига. Дәл қазір онда Ресейден 20 клуб ойнайды да, Қазақстаннан, Беларусьтан, Латвиядан, Украинадан, Чехиядан, Словакиядан – бір клубтан ғана. Олардың бәрі жыл сайын Гагарин кубогына таласады. Бұл лига 2008 жылы Ресейдің бастамасымен құрылған. Яғни лига – Ресейдікі, Еуропанікі емес. Бұл лиганың жеке басқармасы, басшы органы болып табылатын Ди­ректорлар кеңесі бар. Лиганың басшысы – Құр­лық­тық хоккей лигасының президенті және басқарма төр­ағасы Александр Медведев.
Бір қызығы, лиганың Ресей шайбалы хоккей фе­де­рациясымен арадағы келісімшарты бойынша Гага­рин кубогын жеңіп алған клуб қай елдің коман­дасы болсын Ресей чемпионы атанады. Бірақ аталмыш лига шаңырағын көтерген 2008 жылдан бері Ресейден басқа елдің командалары Гагарин кубо­гының иегері атанбақ тұрмақ, күміс және қола жүлделеріне де іліккен жоқ...
Негізі, лиганы құрушылардың мақсаты Еуро­па­дағы хоккейі қарыштап дамыған елдердің ең үздік клубтарының басын қосып, өз қатарларына тарту еді. Сөйтіп, Еуропадағы барлық азулы коман­да­ларды өз додаларында ойнатып, Солтүстік Аме­ри­када Ұлттық хоккей лигасына бәсекелес болу-тын. Алайда әзірше Швеция, Финляндия және Авс­трия сияқты елдер өздерінің төл чем­пио­наттарының деңгейін түсіріп алмауды ойлап, ҚХЛ-ға қандай да бір клубтарын қосудан бас тартып келеді.
Өз кезегінде ҚХЛ басшылары да алып күшке айналуды көздеп, еуропалықтар үшін – жеке диви­зион, Азия елдері үшін басқа дивизион құруды қарастырып келеді.
Қазірдің өзінде ҚХЛ-дың құрамына екі лига кіре­ді. Оның бірі – жоғары хоккей лигасы да, екін­шісі – ізбасарлар өнер көрсететін жастар хоккей лигасы.
«Қазцинк-Торпедо» мен «Сарыарқа» осы жоға­ры хоккей лигасында ойнаса, «Снежные барсы» жас­тар хоккей лигасында шеберліктерін шыңдап жүр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста