Құқықтық мемлекет – конституциялық мемлекет

Ата Заңымыздың 1- бабында «Қазақстан Республикасы өзiн демокра­тиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Сондағы құқықтық мемлекеттің мәні неде?
Арайлым,
Талғар
Құқықтық мемлекет – конституциялық бас­қару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиім­ді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институт­та­ры ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, бас­қару заңдылығын мемлекеттік билік тарапынан аза­маттардың құқы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залал­дың құнын өтеп алуды қарастыратын мем­лекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасыр­лық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау ала­ды. Құқықтық мемлекеттің философиялық не­гізін И.Кант жасады. Қазіргі ғаламдық әлемде құ­қықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қо­ғам және азаматтың арақатынасын қалыптас­тыру­дың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні – оның бірізді де­мократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық еге­мендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құ­­қықтық мемлекет, ең алдымен, барлық мем­лекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бір­лестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерек­шеленеді, ал ондағы басты принцип – құқық үстемдігі. Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша азаматтардың құқықта­ры­ның шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қам­тамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет, ең алды­мен, құқықтық мемлекет идеялары іске асқан конс­ти­туциялық мемлекет. Конституциялық құры­лымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының ма­ңыз­ды бағыттары, оның басты идеялары консти­туциялық деңгейде бекітіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста