Құнды қағаз сатып алсам ба деп едiм. Бұл ойымды қалай жүзеге асыруға болады?
Алуа ЖЕКСЕНҚЫЗЫ, сатушы
Ең алдымен бiзде құнды қағаздармен операцияларды биржада және одан тыс та жүргiзуге болатынын айту керек. Биржада брокер арқылы жұмыс iстеп, оған комиссия төлеуге тура келедi. Биржадан тыс жерде брокерсiз де жұмыс iстеуге болады, бiрақ қор операциясы орталықтары арқылы келiсiмге келген жағдайда бәрiбiр ортада делдал жүредi. Егер құнды қағазды биржадан тыс жерде сатып алсаңыз, онда контрагентпен жазбаша түрде сату-сатып алу туралы келiсiмшартқа отырып, нотариуста тiркету қажет. Әрмен қарай сатушы аударуға арналған бұйрықты толтырып, құнды қағазға меншiктi өзгенiң атына ауыстыру туралы тiркеушiге өткiзедi. Тiркеушi – қор биржасының кәсiпқой мүшесi, ол құнды қағаздардың меншiк құқығы жөнiнде есепке тiркеудi жүзеге асырады. Егер сауданы ұйымдастырылған нарықта жүргiзсе, онда ол биржадағы сауда болады. Ол үшiн брокердi таңдап, келiсiмге отырады. Одан кейiн инвестор брокер есебiн ашып, соған құнды қағаз сатып алатын соманы аударады. Осы есепшот арқылы құнды қағаздардың ақысы төленiп отырады. Соған құнды қағаздарды сатудан түскен қаржы да аударылады. Одан соң инвесторға депо есебiн ашуына тура келедi. Арнайы брокер есебiнде клиенттiң ақшасы сақталса, депо есебiнде құнды қағаздар сақталады.
Құнды қағазды қалай сатып алуға болады?
Последние статьи автора