Алматыда ағаш қандаласы көбейіп кетті. Терезелердің бәрін тегіс жауып, дәрі сеуіп қойған әрекетімізден түк шықпай тұр. Сұрайын дегенім, мұндай қоңыздар құлаққа кіріп кеткенде, ең алдымен қандай шараларды жасау керек?
Жанболат ЕРМЕКОВ, Алматы қаласы
Құтқару қызметі мамандарының айтуынша, егер құлаққа жәндік кіріп кетсе, құлақ ішіне абайлап, жылы су тамызу қажет. Жәндік сыртқа оңай шығуы үшін еңкейіп, құлақ қуысын төмен қарату керек. Құлақты астыңғы және үстіңгі жағынан тартып, қозғауға да болады. Егер жәндіктің шығатын түрі көрінбесе, дәрігерге қаралған абзал. Ағаш қандаласы қапырық ауа райы жағдайында күрт көбейеді. Бірақ олар қандай да бір инфекция таратпайды.
Құлақты қандаладан қалай қорғау керек?
Последние статьи автора