Құлаққа қоңыз немесе тарақан кіріп кеткен кезде оны қалай шығару керек? Біреулер «құлаққа су құю керек» дейді, сол дұрыс па?
Жанболат ЕРМЕКОВ, Алматы қаласы
Құтқару қызметінің мамандары бұл жөнінде мынадай кеңес береді: егер құлаққа жәндік кіріп кетсе, дереу құлақ ішіне жылы су тамызу қажет. Жайлап су тамыза отырып, жәндік сыртқа оңай шығуы үшін құлақты төмен қарату керек. Құлақты астыңғы және үстіңгі жағынан тартып, қозғаған жөн. Тағы бір амал бар, ол – су толы ваннаға жәндік кіріп кеткен құлаққа су кіретіндей етіп жатқан дұрыс. Егер жәндік бәрібір шықпаса, дәрігерге қаралу керек.
Құлаққа жәндік кіріп кеткен кезде не істеу керек?
Последние статьи автора