Қуғын-сүргін құрбандарын қауіпсіздік комитетінен іздеңіз

Қуғын-сүргін құрбандарын қауіпсіздік комитетінен іздеңіз

Қуғын-сүргін жылдары айдауға кеткеннен оралмаған атамыз болған. Оған қатысты құжаттардағы мәліметтер әртүрлі. Не атылғаны, не абақтыдан босап, шетел асқаны белгісіз. Ол туралы мәліметтерді қайдан іздеуге болады?
Шәрипа АМАНҒАЛИҚЫЗЫ,
зейнеткер

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандарының мәліметінше, 30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшы­раған тұлғалар мен Ұлы Отан соғысы кезеңін­де тұтқында отырған тұлғалар жайлы мәліметтерді іздеп табуға әбден болады. ҚР ҰҚК арнайы мемле­кеттік мұрағаты азаматтардың тұрғылықты мекен­жайына және азаматтығына қарамастан, іздеу салынушыға қатысты өтінішті қарайды. Арнайы мем­лекеттік мұрағат көрсететін қызмет тегін. Өтінішті қарау мерзімі – бір ай. Өтініш иесіне жауап пошта­мен, электронды поштамен жіберіледі немесе оның өз қолына жеке тапсырылады. Қазақстан Республи­касы ҰҚК арнайы мемлекеттік мұрағатының элект­ронды мекенжайы – special_arhiv@knb.kz. ҚР ҰҚК сайтында өтініштің мынадай формасы берілген – forma_zayavleniya_v_spec_arhiv_kaz.pdf. Өтініш ҚР ҰҚК төрағасының атына жазылады. Онда сұрау салушының тегі, аты және әкесінің аты, мекенжайы, байланыс телефондары, күні және өзінің қолы көр­се­т­ілуі тиіс. Өтініштің маз­мұны еркін түрде жазы­лады, бірақ онда мүм­кін­дігінше сұрау салынушының қандай себеппен хабарсыз кеткені, қай жерден ұсталғаны, қандай әскери комиссариатпен жіберіл­гені сияқты мәліметтер толық көрсетілуі қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста