ҚР ҰҚК органының талаптары қандай?
ҚР Ұлттық қауіпсіздік органының әскери қызметіне қалай орналасуға болады?
Шалқар Рақымбек, ШҚО
Аталған қызметке жұмысқа тұруға ынта білдірген азамат өзін үміткер ретінде қарастыру жөнінде тұрақты тұрғылықты жеріне қарасты ҚР ҰҚК органының басқарушысы атына өтініш (рапорт) береді. Өтініш ерікті түрде толтырылады. Онда міндетті түрде үміткердің әскери қызметке рәсімделу шарттарымен танысқандығы және онымен келісетіндігі көрсетілуі тиіс. ҚР ҰҚК қызметіне немесе оқуға түсуші тұлғалар үшін бақылау нормативтері: Ұлттық қауіпсіздік органына қызметке тұру ынтасы туралы өтініш; жеке басты куәландырушы құжат (төлқұжат, ҚР азаматының жеке бас куәлігі, офицердің жеке бас куәлігі т.б); тиісті тәртіп бойынша куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі; әскери билет немесе тіркелу куәлігі; туу туралы куәлік; тиісті тәртіп бойынша куәландырылған кәсіби немесе басқа білімін растайтын құжаттардың көшірмесі; тиісті тәртіп бойынша куәландырылған некеге тұру туралы және балаларының туылғаны туралы құжаттардың көшірмесі; жақын туысқандарының өлгені туралы куәліктер көшірмесі; СТН куәлігінің көшірмесі; мүлік және табыстары туралы мәліметтер; суреттер. ҚР ҰҚК органының басшысы әскери қызметкердің мәлімдемесін қарастырады (азаматтық тұлғаның өтініші) және бір ай мерзім ішінде ол жөнінде шешім шығарады. ҚР Ұлттық қауіпсіздік органына қызметке тұрушы ол берген мәліметтердің барлығы (сонымен қоса жақын туысқандары жайлы) тыңғылықты тексерілетінін білуі тиіс. Ұлттық қауіпсіздік комитеті себептерді түсіндірмей рәсімделу деңгейінің кез келген кезеңінде үміткерді қызметке қабылдамау жайлы шешім қабылдауға құқылы.