Мен оқу жылы бойына қазақ тілі мен әдебиетінен 24 сағат және үйден оқу бойынша 4 сағат сабақ беріп келдім. Бір жолғы сауықтыру бойынша маған тек 24 сағатқа төлеп, 4 сағат үйден оқытқаным үшін «ол қосымша» деп сауықтыру жәрдемақысын төлемей отыр. Осы заңды ма?
Зейнеп Құлхайдарова, Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, негiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы Кодекстiң 82-бабында белгiленген күнделiктi жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан аспауға тиiс.
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбекшартында жұмысты қоса атқару жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi.
Кодекстің 199-бабына сәйкес, қоса атқаратын жұмыс туралы еңбекшарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi.
Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбекшарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс бередi.
Бұл ретте Кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк 30 күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Осыған орай, аталған жәрдемақы негізгі жұмыс орны (лауазымы) бойынша, сонымен бірге қоса атқаратын жұмыс орны (лауазымы) бойынша төленуі тиіс.
Егер лауазымдарды қоса атқарған жағдайда (негізгі лауазым бойынша жұмыс уақытының шегінде), сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді (қоса атқаратын жұмыс бойынша).
Қосымша жұмыс үшін сауықтыру жәрдемақысы төлене ме?
Последние статьи автора