Қосымша жұмыс атқарған адамға сауықтыру ақысы қалай төленеді?

Тәрбиешілікті қоса атқаратын мұғалімге сауықтыру ақысы мұғалімнің бір жүктемесі бойынша төлене ме, әлде нақты алып жүрген толық еңбекақысы негізінде төленуі тиіс пе?
Ақтілек САУҒАБАЕВА,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы тө­леу басқармасы сарапшысының мә­лі­ме­тінше, ҚР Ең­бек ко­­дек­сінің 196-бабына сәйкес, қызметкер өзi ең­бек қа­ты­­нас­тарында тұрған бiр жұмыс бе­ру­шi­мен (негiзгi жұмыс орыны бо­йынша), сон­дай-ақ бiрнеше жұмыс бе­ру­шiмен де қоса атқаратын жұмыс ту­ралы еңбек шар­тын жасасуға құқылы.
Бірақ негiзгi жұмыс орны бойынша жә­­не қоса атқаратын жұмысы бойынша күн­делiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы ко­декстiң 82-бабында белгiленген күн­делiктi жұмыс уақытының нормасынан төрт сағаттан аспауға тиiс.
Ал қоса атқаратын жұмыс туралы ең­бек шартында жұмысты қоса атқару жө­нiнде сiлтеме болуы мiндеттi.
Кодекстің 199-бабына сәйкес, қоса ат­қа­ратын жұмыс туралы еңбек шарты бо­йын­ша жұмыс iстейтiн қыз­мет­керлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмы­сы бойынша демалыспен қатар берi­ледi. Егер қоса ат­қаратын жұмыс туралы еңбек шар­ты бойынша жыл са­йын­ғы ақылы еңбек де­ма­лы­сының ұзақтығы бас­қа жұ­мыс бойынша демалыстың ұзақ­тығынан аз бол­са, жұмыс берушi қоса атқарушы – қыз­мет­кер­дiң өтi­нiшi бойынша демалыс ұзақ­ты­ғының айырмасын құ­райтын күндерге жалақысы сақ­талмайтын де­ма­лыс бередi. Бұл ретте кодекстің 239-бабына сәйкес, мем­лекеттiк бюджет есебiнен ұста­латын азаматтық қызмет­шiлерге лауазымдық жала­қысы мөлшерiнде са­уықтыруға арналған жәр­демақы төлене отырып, ұзақ­тығы күнтiзбелiк 30 күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек де­малысы берiледi. Осы­­ған орай, аталған жәр­дем­ақы негізгі жұмыс ор­ны (лауазымы) бойынша, со­нымен бірге қоса ат­қа­ра­тын жұмыс орны (лауазымы) бо­йынша төленуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста