Қоссаз деген қандай аспап?
Қоссаз деген қандай аспап? Қос мойын домбыра екеуі бір аспап па?
Шапағат, Алматы қаласы
Қоссаз – шертер мен домбыраны біріктіріп жасаған бес ішекті шертпелі аспап. Шертердің беті жұқа терімен қапталса, домбыраның беті әдетте жұқа тақтаймен жабылады. Домбыраға екі ішек, шертерге үш ішек тағылады. Аспаптың қалпына келтірілген нұсқасы этнограф О.Хаймолдиннің сызбасы арқылы жасалды. Қос саздың дыбыстық жүйесін қалыптап, лайықтаған белгілі музыкашы Б.Қабыланов, алғашқы нұсқаларын жасаған шебер А.Құмаров. Ел ішінде қос саздың «қос домбыра», «қос шанақты домбыра», «қос мойын домбыра» сияқты атаулары сақталған. Атақты композитор, дирижер әрі домбырашы Н.Тілендиевтің «қос домбырада» ойнау мәнері көпке мәлім.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу