Қорыққанға қос қалай көрінеді?

Қорыққанға қос қалай көрінеді?

Мен, негізі, табиғатымда табанды, өз ойымды тіке айтатын батыл адаммын. Бірақ неге екенін білмеймін, ағынды судан қатты қорқам. Жүзген былай тұрсын, жанына жақындағаннан-ақ мені ағызып ала жөнелетіндей болады да тұрады.  Бұл не, ауру ма?
Төлеген Айтбаев,
Қызылорда қаласы 
«Қорыққанға қос көрінеді» дейді қа­зақ. Сіз айтып тұрғандай, бір нәр­се­­ні көр­генде еріксіз жиырылып, жек көріп, қор­қып тұратын сезімді ғы­лы­ми тілде «фо­бия» дейді. Соның ішінде сіз­дікі – ак­вофобия. «Фобия»  грекшеден ау­дар­ған­­да «қорқыныш» дегенді білдіреді, ак­ва – су. Тек әркім­нің қорқатын нәрсесі әр бө­лек. Та­рих­қа үңілер болсақ, Напо­ле­­он­ның атқорасында бірде-бір ақ­бо­зат бол­мапты. Оның себебі төрткүл дү­ниені бағындырғысы келген қа­һар­лы қол­бас­шы­ның өзі ақбоз аттардан қо­рыққан екен. Психиатрлар бұл жер­ден үрейдің екі тү­рін көреді: біріншісі – тұлпардан қорқу, гип­пофобия бол­са, екіншісі – лейкофобия, яғ­ни ақ түс­тен қорқу.
Қазақта күш атасы саналатын Қа­­жы­мұқанның өзі тышқаннан қо­рық­­қан­­ды­ғы жайлы айтылады. Адам­дардың бойында ең жиі кез­де­­се­тін қорқыныш түрлері:
Айхимофобия – кесетін, өткір құ­рал­дар­дан қорқу.
Клаустрофобия – жабық ке­ңіс­тіктен, мы­салы, лифтіден қорқу, яғ­ни мұндай адам­дарға үне­­мі кез кел­ген сәтте лифт тоқ­тап қала­тын­дай, бол­маса ол жерге үзі­ліп түсе­тін­дей кө­рі­не­ді де тұрады.
Нумеро­фо­бия – 13, 44, 66 деген се­кіл­ді түрлі сан­­дардан қор­­қу, өмірі мен өлімін сан­­­дармен бай­ла­ныс­тыру.
Сигналофобия – түрлі дыбыстық сиг­­­нал­дардан, қоңырау сыңғырынан қор­­қу. Мұн­дай дертке ұшыраған адам­­дар тіп­ті сағат тілінің тырсылы мен телефон дауы­сы­нан да қорқады. Қа­­лай болғанда да, қор­­қы­нышты же­­ңе білген дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста