Мен ұйықтағанда қатты қорылдаймын. Мұным жанымдағы адамдарға жағымсыз әсер қалдыратынын білемін. Әрине, бұл ауру түріне жатпайды. Дегенмен осы қорылдан арылуға дәрігерлер қандай кеңес береді?
Қуандық САБЫР, Алматы қаласы
Адам арқасымен ұйықтап жатқанда көп қорылдайды. Сондықтан қорылдайтын адамның шалқасынан жатып ұйықтамауы қажет.
Артық салмақты адамдардың қорылдауына олардың денесінің тым ауыр болуы жиі себеп болады. Денедегі артық салмақтан арылыңыз.
Алкогольді ішімдіктерді көп пайдалану мен оларды дәрі-дәрмектермен бір мезетте пайдалану да қорылдауға себеп болады;
Темекіден бас тартыңыз;
Күндік режиміңізді ретке келтіріңіз. Ұйықтайтын және ояу жүретін уақытыңызды бірқалыпты сақтаңыз.
Қорылдан қалай арыламын?
Последние статьи автора