Қолданбалы математика саласының маманы мұғалім бола ала ма?
Менің еңбек өтілім 9 жыл. Мектепте математика пәнінен сабақ беремін. Төрт балам бар. Мектеп басшысы «математика пәнінің жүктемесін мектепке жаңадан келген математика пәнінің мұғаліміне береміз, сіз қысқартуға кетесіз» дейді. Себебі менің дипломымда математик, қолданбалы математика саласының маманы деп жазылған. Мұғалім деген сөз жоқ екен. Осы дұрыс па? Бейсенгүл Мамырбекова, Оңтүстік Қазақстан облысы
Егер ұжымдық шарттармен, әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі басқа келісімдермен, жұмыс берушінің актісімен басқаша көзделмесе, қызметкерлер санын не штатын қысқарту жөніндегі шешімді жұмыс беруші өз еркімен қабылдайды. Қысқарту жүргізілетіні жөнінде жұмыс беруші қызметкерлерді кемінде бір айдай уақыт бұрын жазбаша хабарландыруы тиіс. Сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес жұмыс беруші қысқартылатын қызметкерге қызметкер келісетін болса, оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс. Бұл ретте, ҚР Еңбек кодексінің 185-бабының талаптарына сәйкес қысқартуға жатпайтын қызметкерлер санатына жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалар жататынын атап өткен жөн. Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес, әртүрлі экономикалық қызмет ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып әзірлейді және бекітеді.