Қоғамдық бірлестік шаруашылық серіктестік құра ала ма?
Біз қоғамдық бірлестіктің жарғысын әзірлеу барысында екіұдай мәселеге тап болдық. «Қоғамдық бірлестік өз жарғысының негізінде болашақта шаруашылық серіктестік құра ала ма?» деген сауал құрылтайшыларды толғандырды. Осының нақты жауабын білгіміз келеді.
Азамат, Алматы қаласы
Еліміздің «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 24-бабына сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар Қазақстан аумағында өздерінің бөлімшелері мен өкілдіктерін ашуға құқылы. Бірақ бұл бөлімшелер мен өкілдіктер басшысы заңды тұлға ретінде саналмайды. Олар бөлімшелерді құрған коммерциялық емес ұйымның атынан жұмыс істейді. Бөлімшелер мен өкілдіктер үшін орталықтағы коммерциялық емес ұйым жауапты болады. Сонымен қатар заңға сәйкес қоғамдық бірлестіктер өздерінің құрылымдық бөлімшелерін аша алады. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңы және басқа да заңнамалар бойынша қоғамдық бірлестіктердің коммерциялық ұйым құруы қарастырылмаған.