Адам өмірінде кейде қиындықтар орын алып, оны мазалайды. Бұл кезде не істеу керек, осыған байланысты психологтар былай дейді:
► Алдымен қиындық деген не, соған мән беріңіз. Сонда сізге одан өту оңайға соғады. Өмірде қиындықтар орын алды ма, туыстарыңызбен ренжістіңіз бе, жұртпен қарым-қатынаста жолыңыз болмай жүр ме, тағы басқа, неден қиындық көріп жүрсеңіз, соны саралап алыңыз.
► Бұдан кейін өзіңіздің сыртқы жағдайларға деген әрекетіңізге мән беріңіз.
► Қандай да бір проблемаға қатысты қандай сезімде болатыныңызға мән беріңіз. (Мысалы, үрей, қорқыныш, шарасыздық, мүмкін бәрінен өтуге болатынына деген сенім сезінерсіз). Күрделі жағдайлардан өту кезінде сабырлы, ұстамды болыңыз, ақылыңызды жоғалтпаңыз.
► Қолайсыз әсер еткен жайға ұрынғанда үш апта бойы өз ойыңызды қадағалаңыз, ол сіздің ой-өрісіңіздің өзгеруіне әсер етеді. Алғашында жағымсыз эмоцияларға жол бермеуге тырысыңыз. Күн сайын жаттығу арқылы жағымсыз ойларды жеңесіз.
► Қай проблемаға болмасын жеңіл қарауға тырысыңыз. Оның уақытша екенін естен шығармаңыз. Кемшіліксіз, қателік жібермейтін адам жоқ, бәрі де өтеді. Өзіңізден де қиын жағдайда жүрген адамға жәрдемдесе алсаңыз, тіпті жақсы, бір жеңілдеп қаласыз.
► Проблеманы шешерде мазалайтын түрлі эмоцияларға бой бермеңіз, олар қуатыңызды алады, ойыңызды бөледі. Тек проблема сырын ұғыңыз және оны шешу жағын ойлаңыз. Өз мүмкіндіктеріңізді ойластырып алыңыз да, проблеманы шешуге кірісіңіз.
► Алдағы болуы мүмкін жайсыздықтарды уайымдамаңыз, қиындықтар кездесуі мүмкін, одан өтуге дайындалыңыз. Қолайсыз бағыт алуы мүмкін нәрселердің алдын алыңыз.
► Тек жақсы нәрсе ойлаңыз. Өкінішті өткен нәрсе өтті, кетті, сіз алдан жақсылық күтіңіз. Қандай қиын кезең болса да мойымаңыз, өзіңізде барға қуаныңыз, сол үшін алғыс сезімде болыңыз.
► Адам өмірде бірдеңе жоғалтса, уақыт өте орнына басқасын табады. Кез келген жағдайдан сабақ алып, пайдалы жағын көріп үйреніңіз.
► Қиындыққа себеп болған жайға ашуланып, өзіңізді босқа мүжи бермеңіз. Оны ойша сөзбен қайталай беру арқылы сіз өміріңізге жаңа қиындықтарды үйір етуіңіз мүмкін.
► Белсенді қимылда болыңыз, сонда серписіз, ауыр ойлардан арыласыз. Құдайға жалбарынып, жәрдем сұраңыз. Тым тұйықтанып, өзіңізбен өзіңіз болып кетпеңіз, керек кезде жақындарыңызға сыр ашып, жәрдем сұраңыз.