Қазір Германияда қиярдан уланғандар қатары көбейіп жатыр ғой. Осы қиярды көп өндіретін және экспорттайтын елдер қандай?
Жанар ЕСІМБЕКОВА, Тараз қаласы
Қияр өнімі 6000 жыл бұрын пайда болды делінеді. Оның отаны – Үндістанның тропикалық және субтропикалық аудандары. Гималайдың етегінде әлі күнге дейін қиярдың ежелгі түрлері өседі. Көкөніс үнділерден гректерге, одан римдіктерге өтіп, кейін оны жаппай өсіру Еуропада етек алған. XV ғасырда Ресейде, арада бірнеше ғасыр өткенде егіншілік мәдениетінің дамуымен бірге Қазақстанда да өсіріле бастайды. Бүгінде әлемдік қияр өндірісі бойынша Қытай, Үндістан, Мьянма, Индонезия, Түркия және ТМД елдері алдыңғы орындарда. Ал негізгі қияр импорттаушылар – Еуропалық одақ елдері мен АҚШ. Германиядағы эпидемияға қатысты басы дауға іліккен Испанияда қияр экспорттау – экономиканың негізгі бағыты. Қиярға қатысты қызықты мәліметтер көп. Шілденің 27-сінде халықаралық қияр күні аталып өтеді. 2007 жылы Беларусь Президенті Александр Лукашенконың туған жері – Шклов қаласында көкөністің осы түріне ескерткіш қойылған.
Қиярды қандай елдер көп өндіреді?
Последние статьи автора