Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық әдебиеттану ғылымының негізгі бағыттары қандай болды?
Серік Қайсаров, Ақмола облысы
Филология ғылымының докторы Гүлзия Пірәлиеваның еңбектері бойынша саралайтын болсақ, қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағыттары кеңестік биліктің ұлттық әдеби мұраларға жаңаша көзқараспен қарауға ықпал еткен 1988 жылғы қаулысынан бастау алады. Біріншіден, ұмыт болған немесе кезінде насихаттауға тыйым салынған әдеби мұралар жаңғырып, жарыққа шыға бастады. Осы жұмыс жүйелі түрде қолға алынды. Қазақ әдебиеті тарихы бұрындары өз дәуіріндегі орнынан әділетсіз түрде ажыратылған көркем дүниелермен және жаңа ғылыми-зерттеулермен толықты. Екіншіден, 1991 жылдан бастап, ұлттық сөз өнерін жаппай кеңестік идеологиясыз зерттеп, зерделеуге жол ашылды. Бұрын социалистік идеялар тұрғысынан ғана бағаланған шығармаларға, жалпы, сөз өнері мен ұлттық мүдде тұрғысынан қарау басталды. Үшіншіден, кезінде ойдан шығарылған, саясатқа байланысты әдіптелген, цензураға ұшыраған әдеби-сыни зерттеу еңбектерін лайықты бағалау жолға қойылды. Кейінгі басым бағыт жаңа заман әдебиеттанушыларын қалыптастыру болды.
Қазіргі заманғы ұлттық әдебиеттану қалай дамыды?
Последние статьи автора