Алғашқы аға сұлтандар жайлы білгім келеді. Олардың міндеттері мен атқаратын қызметтері қандай болған?
Күләндә ӘЛІБЕК, Қостанай
Ресей үкіметі қазақ даласын отарлауды одан әрі жалғастыру мақсатымен еліміздегі хандық дәстүрді жойып, әкімшілік-территориялық округтер құрды. Сол окургтерді басқарушының лауазымын аға сұлтан деп атаған. Алғашында хан-төрелердің тұқымы сайланып, кейіннен хан тұқымдарының ықпалын әлсірету үшін «Аға сұлтандарды сайлау хақындағы» жаңа ережелер жасалды. Ол ереже бойынша қарапайым халық арасынан шыққан тұлғалар да аға сұлтандық сайлауға түсе алатын болды. Енді қазақтың алғашқы аға сұлтандарына келейік. Тұрсын Шыңғысұлы – Қарқаралы, Ғұбайдолла (Абайділда) Уәлиханұлы – Көкшетау, Шыңғыс Уәлиханұлы – Құсмұрын, Тезек төре – Ұлы жүз, Ерден Сандыбаев – Атбасар, Бексұлтан Ағадаев – Аягөз, Әділ Бөкейханұлы – Кіші жүз, Шалғынбай Бірәліұлы – Қарқаралы, Мұса Шорманұлы – Баянауыл т.б. Аға сұлтандар Ресей билігін жүзеге асыру, алым-салық жинату, сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «бүлікшілерді» басу секілді міндеттерді атқарған.
Қазақтың алғашқы аға сұлтандары кімдер?
Последние статьи автора