Нәзір Төреқұловты қазақтан шыққан тұңғыш дипломат деп білеміз. Десек те, бұл тұлғаның нақты қай елдерде елшілік қызметте болғаны жайлы мәлімет берсеңіздер екен.
Күлпәш, Қызылорда қаласы
Нәзір Төреқұлов 1928-1932 жылдар аралығында Кеңестер Одағының Хиджаздағы бас консулы болды. Ал 1932-1936 жылдар аралығында Нәзір Төреқұлов КСРО-ның Сауд Арабиясындағы өкілетті елшісі болып қызмет етті. 1932 жылы маусымда Сауд Арабиясы королінің мұрагері Фейсал әл-Саудтың КСРО-ға ресми сапарын ұйымдастырды. Нәзір Төреқұлов елші болған жылдары араб тілін жетік меңгеріп, бірнеше мәрте кіші және үлкен қажылық рәсімін орындады. 1936 жылы КСРО Ұлттар кеңесінің жанындағы Орталық тіл және жазу ғылыми-зертханалық институтына қызметке орналасып, 1937 жылы шілдеде «халық жауы» деген айыппен ату жазасына кесілді. 1958 жылы КСРО Жоғарғы сотының шешімімен ақталды. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы №57 қаулысымен дипломаттарға арналған «ҚР сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» Нәзір Төреқұлов атындағы медаль берілетін болып шешілді. Бүгінде бұл медаль мемлекетіміздегі жоғарғы наградалардың бірі болып саналады.
Қазақтан шыққан тұңғыш елші кім?
Последние статьи автора