Қазір кез келген есепті, ғылыми жұмысты жазарда немесе алдағы уақытқа арнап жоспар құрғанда статистикалық мәліметтерге сүйенетініміз анық. Статистикасыз ешнәрсе жасалмайды. Қазақстанда осындай мәліметтерді, көрсеткіштерді жинау ісі қай кезден бері бар?
Алмат ЫСҚАҚОВ, Орал қаласы
Есеп-санақ жүргізу ісінің адамзат пайда болған кезден бері бар екені ғылымнан белгілі. Ал қазақстандық статистика білімінің тарихын мамандар Қазақ Хандығы құрылған дәуірлерден бастайды. Тарихи жазбаларда 1459 жылы Шу мен Таластың бойын 200 мыңдай адам мекендегені туралы айтылады. Демек, халық санағы сол кезеңнің өзінде сауатты жүргізіле бастаған. XVIII ғасырдың ортасында статистика жүргізу ісі мейлінше кемеліне келіп, бір жүйеге түскен. Бұл елімізде оқу-ағарту саласының өркендеуімен байланысты. Мемлекеттік статистикамен айналысатын алғашқы ресми орган 1868 жылдың қаңтарында құрылған Түркістан губерниялық статистика комитеті болды. Бұдан кейін басқа да облыстар аумағында статбюролар ашылды. Ал тұңғыш халық санағы 1897 жылдың 9 ақпанында (бүгінгі күнтізбе бойынша 28 қаңтарда) өткен. Қазақ АКСР-інің 1920 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен мемлекеттік статистика туралы ереже бекітілді. Кейін бұл күн Қазақстан статистикасының құрылған күні болып қабылданып кетті.
Қазақстандық статистика білімі қай кезден бері бар?
Последние статьи автора