Қазақстанның Алматыдан басқа қандай қалаларында хайуанаттар бағы бар?
Думан ИГЕНОВ, Атырау
Қазақстанның Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында хайуанаттар бағы бар. Алматы қаласындағы хайуанаттар бағының негiзi 1936 жылы қаланған. Ондағы хайуанаттар саны – 4068. Шымкент қаласында алғаш хайуанаттар бағы 1980 жылы ұйымдастырылды. Оңтүстiк Қазақстанның орталығындағы хайуанаттар бағы нағыз жасыл арал деуге болады. Мұнда 2000 дана декоративтi ағаш, 550 дана жемiстi ағаш, 10 000 раушангүлi, 800 канн отырғызылған. Бақтағы хайуанаттардың жалпы саны – 1300. Қарағандыдағы хайуанаттар бағының нақты қашан құрылғаны белгiсiз. Мұны анықтайтын көптеген құжаттар жоғалып кеткен екен. Қарағанды қала, облыс орталығы мәртебесiне ие болмаған кездiң өзiнде мұнда хайуанаттар бағы болған көрiнедi. Ал 1956 жылы Қарағандыда хайуанаттарға арналған ғимарат салынған. Қазiргi кезде Қарағанды зообағында 250-ден астам жануар түрi мекен етедi.
Қазақстанда қанша хайуанаттар бағы бар?
Последние статьи автора