Қазір жаз мезгілі. Қаланың сыртында да, ішінде де үйілген қоқыстан көз ашпаймыз.
Мұрат ҒЫЛМАНОВ, Алматы қаласы
Былтыр Қызылорда облысында қалдық өңдейтін және экологиялық жағынан тиімді болатын зауыт жобасын әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 10 млн теңге қаржы бөлдірген-ді. Осы қаржыға тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып, ол мемлекеттік және экологиялық сараптамадан өткізілді. Бұл жобаны Алматы қаласындағы «Қазмеханобр» мемлекеттік ғылыми-өндірістік өнеркәсіптік экологиялық бірлестігінің еншілес мемлекеттік кәсіпорны әзірледі. Зауыттың құрылысын салу құны барлық құрал-жабдықтарды қоса есептегенде 4,97 млрд теңгені құрайды. Онда тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптайтын және полиэтиленнің қатты және жұмсақ түрлерін, қағаз өңдейтін цехтар бар. Сондай-ақ зауыт арнайы қойма және қазандықпен, су және кәріз жүйелерімен, электр-трансформаторлық стансы секілді қосымша жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Зауыт 2012 жылы іске қосылады деп күтілуде.