1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Алматыда қалай тойланады? Мерекелік шараларды тамашалау үшін қай алаңға шыққан дұрыс?
Мейрамбек ҚАМБАРОВ, Алматы қаласы
Алматы қаласында биылғы мереке «Ортақ аспан астында бір отбасы» деген ұранмен өтеді. Басты мерекелік шара «Астана» алаңында болады. Бұл жерде өтетін концертке Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары мемлекеттік оркестрі, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Салтанат» еңбек сіңірген би ансамблі, «Таңсәрі» мюзик-думан театры, түрлі ұлттық-мәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдары қатысады. Мейрам Республика сарайы алдындағы Абай алаңында, С.Сейфуллин атындағы саябақта, М.Ганди атындағы гүл бағында, «Айнабұлақ» ықшамауданының саябағында, «Мега Орталық» сауда-ойын-сауық орталығы алдындағы алаңқайда, «Фэмили» саябағында да тойланады. «Фэмилиде» кешкісін эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өтеді.
Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланады?
Последние статьи автора