Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды? Ассамблеяның қанша мүшесі бар?
Тоқтасын Өмірзақов, Оңтүстік Қазақстан облысы
Ассамблея құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халқының форумында көтерген болатын. 1995 жылдың наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестігі 500-ге жуық кіші ассамблея мүшесінің басын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Өзара түсіністік, ұстамдылық, әртүрлі ұлт өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этносқа ортақ жалпыхалықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі қанша?
Последние статьи автора