Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі мен бірлестіктері қанша?

Білейін дегенім, біздің елдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен бірлестіктері қанша?
Динара, Алматы
Ассамблеяның 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестігі бар. Мемлекетіміздің ұстанған ұлттық саясатын насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде шетелдік ұйымдармен қарым-қатынасты нығайта түсуде. Ассамблея қызметі мына мақсаттарды шешуге бағытталған: Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынасының дамуына өзек болатын мемлекеттік саясат жүргізу бойынша ұсыныстарды жасау, ұлттардың рухани-мәдени қалыптасуына және теңқұқылық принципін сақтау негізінде дамыту жолында күш біріктіру; республикада ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға атсалысу; өркениетті және демократиялық нормаларға иек артатын азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастыру; мемлекет өткізетін ұлттық саясаттағы түрлі сипаттағы ұлттық қызығушылықтардың есепке алынуын қамтамасыз ету; қоғамда туындайтын әлеуметтік қайшылықтарды шешуге ымыра іздеу.





