Ертеде қазақ күресі балуандарының киімі қандай болған? Содан бері қаншалықты өзгеріске ұшырады?
Артур ӘЛІМБОЗОВ, Алматы қаласы
Қазақ халқы балуанға арнайы киім тікпеген. Қандай ережемен, қандай киіммен күресетіндіктері балуандардаң өзара келісімдері бойынша шешіліп отырған. Ел арасында балуандарға қаратып «білегін сыбанып, балағын түріп күреске шықты» деген сөз жиі айтылады, олай дейтін себебі – белдесуге шыққан балуан көйлегінің немесе шапанының жеңін және шалбарының балағын түріп алатын болған. Қазақ халқы «білекті сыбанды» деген сөзді кейде «іске дайын болды» деген мағынада айтады.
Сондай-ақ ертеде балуандарымыз белдесуге кеуделері жалаңаш немесе күртеше, шапан киіп, кейде шапандарының бір жеңін шешіп, белдікке қыстырып шыққан. Аяқтары жалаң аяқ немесе әртүрлі аяқкиіммен, етікпен де күрескен. 1949 жылғы күрес ережесі бойынша балуан шапанға ұқсас киім киіп, бір жеңін кимей бос қоятын болған. Бірақ бұл киім үлгісі ел арасына тарап кете алмады, себебі онымен күресу қолайсыз еді. 1993 жылдан бастап қазақ күресіне арналған балуан киімі үлгісін жасау үшін ғылыми ізденіс басталды. Ал қазір осы балуан киімі арқылы қазақ күресін дүниежүзі елдері таниды. Киім үлгісіне патент алынды.
Балуан киімінің сипаттамасы
Арнайы мықты матадан тігілген кеуде киімінің жеңі шынтақ буынына жететін қысқа етек, ұзындығы жамбасты толық жауып тұратын күртеше, төменге киетін балағы тізеге жететін арнайы тігілген шалбар. Белге буынатын денені екі орауға еркін жететін белбеу. Балуанға арналған арнайы аяқкиім.
Қазақ күресінің бұрынғы киімі қандай болған?
Последние статьи автора