Адам ағзасындағы гемоглобин мөлшері қандай жағдайда азайып-көбейеді? Қан тапсырар алдында қатты қозғалу гемоглобиннің азаюына әсер ете ме?
Жанат Асанғалиева, Ақтөбе қаласы
Адам қаны құрамындағы гемоглобиннің қалыпты мөлшері ер адамдар үшін – 130-170 гектолитр, әйелдерде – 120-150 г/л. Балалардың бойында ол жас шамасына байланысты болады. Жаңа туған нәрестелер үшін 145-225 г/л қалыпты мөлшер болса, үш-алты айлық сәбилерде 95-135 г/л болуы керек. Гемоглобин мөлшері күн сайын өзгеруі мүмкін. Мәселен, таңертең, сағат 07.00 шамасында, ол жоғары болып, 17.00-ден соң төмендейді. Адам көп жүріп келіп, жатқан жағдайда да гемоглобин көрсеткіші өзгереді. Сол себепті дәрігерлер қан тапсыратын адамға біраз отырып тынығып алуға кеңес береді.
Қатты қозғалған адамның гемоглобині азая ма?
Последние статьи автора