Қару түрлері қаншаға бөлінеді?

ҚР Қарулы Күштері қандай қару түрлерін қолданады? Заң бойынша азаматтар өзін-өзі қорғау үшін қару қолдануына бола ма? 
Асқар Бек,
Алматы
Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Қа­зақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы №339-I Заңына сәйкес қару түрлері өзінің бағытталған мақсаты мен негізгі өлшемдері, сипаттамалары бойынша: 1) жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару; 2) азаматтық қару; 3) қыз­меттік қару болып бөлінеді. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға ҚР Үкіметі­нің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ҚР Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер мен әскери құрамалар, арнаулы органдар қарулануына қабылданған жауынгерлік және жедел қызмет міндет­терін шешуге арналған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге беру үшін жасап шығарыла­тын қару жата­ды. Азаматтық қаруға Қазақстан Республи­касының азаматтары өзін-өзі қорғау, спор­т­пен шұғылдану және аң аулау мақсатында пайдаланатын қару жатады. Азаматтық атыс қаруы оқты түйдектете атуды бол­ғыз­бауға тиіс. Қыз­мет­тік қаруға ҚР заң­да­рына сәйкес қызметтік қару иемденуге құқығы бар мемлекеттік саяси қызметші­лердің, ҚР Парламенті депутаттарының, прокурор­лардың жеке басының, сондай-ақ жеке күзетшілердің, дара кәсіпкер­лер­дің күзет бөлімшелері қызметкер­лерінің, ұйымдар­дың оларға заңмен жүктелген немесе өз жарғыларында көз­делген, азаматтардың өмірі мен денсау­лығын, меншікті қорғау, қоршаған орта объектілерін және табиғи ресурстарды, бағалы және қауіпті жүктер­ді, арнаулы корреспонденция­лардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналған қару жатады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста