Қарбыз өндіруден көш бастайтын қай елдер? Дүниежүзіндегі ең алып қарбыз қай елде өсірілген?
Асылбек Қасымов, Ақтөбе қаласы
БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметінше, әлемдік нарықтағы қарбыз өндіруші ірі елдер мыналар: Қытай, Түркия, Иран, Бразилия, АҚШ, Мысыр, Ресей, Мексика және Өзбекстан. Қытай жылына шамамен 62 млн тоннадан артық қарбыз өндіреді. Оңтүстіктегі көршіміз – өзбек елінің жыл сайын өндіретін қарбызы 840 мың тоннаға жуық. Мысырда соңғы жылдардағы саяси-әлеуметтік дағдарыстарға байланысты қарбыз өндірісі біршама кеміген. Қарбызға қатысты қызықты дерек – Гиннесстің рекордтар кітабына салмағы 119 келі болатын қарбыз тіркелген. Әлемдегі ең алып қарбыз саналатын бұл өнім Әзірбайжанда өсіріліпті. Бұл көкөніс қарбыздың каролина-кросс аталатын сұрпына жатады.
Қарбыз өсіруден кімдер алда?
Последние статьи автора