І Мемлекеттік Дума таратылып, жаңадан сайланған депутаттардың арасында Бақытжан Қаратаев та бар еді. Ал алғашқы қазақстандық депутаттардың арасында кімдер бар еді?
Еділ Нұрлыбаев, Қарағанды
І Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 25 депутат сайланды. Соның 11-і қазақтар болатын. Оның ішінде Торғай облысынан Бірімжанов Ахмет, Ақмола облысынан Қосшығұлов Шаймерден, Жетісу облысынан Тайынов Молла, Орал облысынан Қалменов Алпысбай, Семей облысынан Бөкейханов Әлихан бар еді. Сондай-ақ Уфа, Қазан губернияларында тұратын бірнеше қазақ сайланды. Олар – Сәлімгерей Жантөрин және Сақынзада Мақсұтов деген азаматтар. І Мемлекеттік Дума жұмысы 1906 жылдың 27 сәуірінде Таврия сарайында ашылып, сол жылы 8 шілдеде таратылған. Кешігіп сайланған қазақ депутаттары Дума жұмысы басталып, қызу айтыс-тартыстар болып жатқан кезде барған. (Сауалға тарихшы Т.Көлбаев жауап берді)
Қаратаев кезеңіндегі қазақ депутаттар
Последние статьи автора