Қар адамы туралы аңызға бергiсiз әңгiмелер әлемнiң түкпiр‑түкпiрiне таралған. «Қар адамын көрдiк» деушiлер де бар көрінеді. Расында, дала кезген әлгіндей кісікиіктер өмірде бар ма?
Зауыт ӘЛІМОВ, Өскемен қаласы
«Көрдік» деушілерге сенсек, кiсiкиiктің 2-4 метрлiк бойы бар, денесi еңгезердей әрi түк басқан, қолы ұзын, мойны қысқа, бет‑әлпетi қара түстi дейді олар. Гималай, Қытай, Солтүстiк Америка, Австралия, Африка, Индонезия, Бирма, Малайзия, Пәкiстан, Моңғолия, Ресейдің Кавказ бен Кузбасс аймақтары және Оңтүстiк Америка жерлерiнде «қар адамын кездестiрдiк» деген тұрғындар көп‑ақ. Алайда ғылым осы күнге дейiн «қар адамы бар не жоқ» деп кесiп айта алмайды. Себебi оның бар екенiне дәлел бола алатын бас қаңқасы немесе сүйек қалдықтары жоқ. Ал бiрақ кiсiкиiктiң түгi мен iздерi бар. Дегенмен ғалымдар қар адамы туралы алыпқашпа әңгiмелерге қарап, тұрғындар кездестiрген белгiсiз тiршiлiк иесiн гоминидтердiң ұрпақтарына жатқызады. Кезiнде КСРО Ғылым академиясының бiр топ ғалымдары қар адамын неандертальдықтың деградацияланған түрi деп тұжырым жасаған. Ендi бiр зерттеушiлер кiсiкиiктi бөгде ғаламшардан келген тылсым күш иесi деп есептейдi.
Қар адамы өмірде бар ма, жоқ па?
Последние статьи автора