«Сағыз қазіргі медицинада емдік мақсатқа қолданылады» деп жатады. Сол рас па?
Азамат ЕРДЕНБЕК, Астана қаласы
Сағызды медициналық мақсатқа пайдалану туралы ұсыныстар соңғы кездері жиі айтыла бастады. Шайналатын резеңкені тіс пен ауыз қуысын бактериядан тазартуға, тілі кеміс адамдардың сөйлеуін реттеуге пайдалану туралы кеңестердің бұрыннан бары белгілі. Ал енді онкологтер сағызды ішек қатерлі ісігіне жасалған операциядан соң пайдалану қажеттігін айтып жүр. Қантсыз сағызды көбірек шайнау іш құрылысындағы жарақаттың тез жазылып кетуіне ықпал етеді. Сондай-ақ сағыз ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартатын көрінеді.
Қантсыз сағыз ас қорытуды жақсарта ала ма?
Последние статьи автора