Біреуі он үш, екіншісі он жастағы екі қызым бар. Тағы бір ұл балам болса деп армандаймын. Бірақ жасым қырыққа таяп қалды, сондықтан енді бала көтеруге де кеш шығар. Жалпы, әйел адамның бала туу мүмкіндігі қанша жасында шектеледі?
Әсем АЛШАҒЫРҚЫЗЫ, Үржар ауданы
Репродуктолог дәрігерлердің айтуынша, әйелдердің бала туу қабілеті шамамен 42-43 жасында көмескі тартады. Бұл ретте, ең әуелі, әйелдің репродуктивтік, одан кейін гормональдық, ең соңынан етеккір процесі тоқтайды. Сол себепті де етеккірдің әлі келіп жүргеніне қарамастан, әйел жүкті бола алмайды. Мұның себебі – организмдегі жұмыртқа клеткаларының қоры таусылғандығында. Әрине, бірлі-жарым жағдайларда бұдан басқаша да болуы ықтимал.
Бірқатар шетелдерде, мысалы, Францияда жасы 43-тен асқан әйелдер қанша жерден қалағанымен, жасанды жолмен де ұрықтандырылмайды. Себебі олардың екіқабат болу мүмкіндігі 4%-дан аспайды. Бала көтерген күнде де жүктілік кезеңі мен босану сәтіндегі қиындықтар – өз алдына бөлек әңгіме.
Қанша жасқа дейін бала тууға болады?
Последние статьи автора