Бұрын-соңды шетелге шығып көрген емеспін. Жаңа жұмысқа ауысқалы бері шетелдерге қысқа мерзімді іссапарлар жасауға тура келеді. Менің білгім келетіні, Қазақстан аумағынан қанша көлемге дейін ақша алып шығуға рұқсат етіледі?
Рахат Ізмағанбетов, Алматы қаласы
ҚР Сыртқы істер министрлігі мамандарының түсіндіруінше, Қазақстан Республикасынан 3000 АҚШ долларынан артық шетел валютасын алып бара жатсаңыз, оны декларацияда міндетті түрде жазып көрсету қажет. Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елге 10 мың АҚШ доллары көлемінен аспайтын шетелдік қолма-қол валютаны құжатсыз алып өте алады.
Бұл сомадан артық валютаны алып бара жатқан жағдайда оларды растайтын мынадай құжаттарды көрсету қажет: айырбастау пунктінің шетел валютасын сатып алғандығы жөнінде анықтама-куәлік, банктік есепшоттан ақшаны шетел валютасымен алғандығы туралы құжаттар, шетел валютасын аударма арқылы алғандығы туралы банктік құжаттар, Қазақстан Республикасына алып кірген шетел валютасы туралы кедендік декларация. Басқа елге барған кезде қанша көлемдегі ақшаны декларацияда көрсетпеуге болатынын сұрап алу керек, себебі әр елде талап әртүрлі болуы мүмкін.
Қанша көлемге дейінгі ақшаны алып шығуға болады?
Последние статьи автора