Қандай түсті банан пайдалырақ?

Бананның негізгі түсі сары болғанымен, кейде жасыл (көк), кейде қоңырқай болып келетіндері бар. Пісетін жемістер сынды басында жасыл, көк түсті болып, кейін сарғайып, соңында қоймалжып пісіп, қоңырқай түске айналады. Ең қызығы да сол – бананның пайдалы қасиеті пен нәрлік сипаты әр кезеңде әртүрлі болады. Демек, адам ағзасына беретін пайдасы да әртүрлі деген сөз, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ендеше дәл қай бананның пайдасы молырақ, соны қарастырып көрейік.

 

Жасыл банан (қазақ үшін көк банан)

 

Бананның енді піскен шағы. Жасыл бананда піскен сары бананға қарағанда талшық 20 есе көп болады. Талшықтың қабаттасқан формасы адамның асқазаны тез қорыта алмайды, басқа банандарға қарағанда жасыл бананның қорытылуы баяу жүреді. Демек, ағзаға глюкоза баяу барады деген сөз. Қанға қант түсіп кету деген болмайды. Жасыл бананның гликемиялық индексі (қанға түскен қанттың деңгейі) – 35 қана, ал піскен банандікі – 58. Сондықтан жасыл бананды қант диабетімен ауыратын немесе қант аурулары бар адамдарға жеген пайдалырақ. Сондай-ақ жасыл банан ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне пайдасы жақсы.

 

Сары банан

 

Банан піскен кезде құрамындағы қанты 3-4 есе көбейіп кетеді. Глюкозасы тез қорытылады. Сондықтан спортпен айналысатындар үшін жақсы. Ағзаға жылдам энергия береді.

 

Сары бананда каротиноид сынды компоненттер мол болады. Ол адамның көзін жақсартады әрі қатерлі ісіктен қорғайды.

 

Қоңыр банан

 

Піскен банан біраз тұрып қалса, қоймалжың қоңыр түске бөленіп, нағыз нәрлік затқа айналады. Қоңырқай бананды бәріміз көрген болармыз. Мұндай бананда қант өте көп болады. Бұл – табиғаттың өзі берген тәтті. Қоңыр банан – ең тәтті жемістің бірі.

 

Бірақ мұндай бананның пайдалы қасиеті аздау, нәрлік қуаты шамалы.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста