Қазіргі мезгілде ыстық ауа райы еліміздің көп аймағына қаупін төндіріп тұр. Қан қысымы жоғары адамдар қатты ыстыққа шыдай алмай жатыр. Басына күн тиіп, ауырып жатқан балалар бар. Сұрайын дегенім, осы қапырық аптапқа байланысты қай кезде төтенше ескерту беріледі?
Ақтоты Есенжанова, Тараз қаласы
«Қазгидромет» РМК маманы Ақан Жанпейісовтің мәліметінше, біздің ел аумағында шегіне жеткен жағдайда 23 табиғи құбылыстың қауіп-қатерге айналатыны анықталған. Аптап – соның бірі. Биыл, әсіресе, шілде айы бойынша ыстық температура жөнінен дабылды ескертулер болған жоқ. Қатты ыстық көрсеткіштер Қызылқұм метеорологиялық бекетінде + 42,5, Қызылорда қаласында + 42,1 және + 42,8 Қармақшы ауданында болды. Төтенше ескерту аумақтың 30 пайызын қамтыған кезде ғана беріледі. Төменде қандай температура кезінде арнайы ескертулер берілетіні кестемен берілген.
Қандай температура қауіпті саналады?
Последние статьи автора