Қандай өтініштер қарауға жатпайды?

Азаматтар тарапынан мемлекеттік органдарға, құзырлы мекемелер­ге жолданатын қандай өтініштер қарауға жатпайды? Жазбаша өтінішке қойы­латын талаптар қандай?
Ерік,
Талдықорған
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 5-бабы бойынша қарауға жатпайтын өтініштер: 1) мұндай өтiнiште дайын­далып жатқан немесе жасалған қыл­мыс­тар туралы не мемлекеттiк, немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемле­кеттiк органдардың құзыреттерiне сәй­кес, оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдай­ларды қоспағанда, иесi бүр­­­кеме­лен­ген өтiнiш; 2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш. 2. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi. Ал жазбаша өтiнiшке қойылатын талаптар: 1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. 2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке арыз иесi қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәланды­ры­луға тиiс. Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi. 3. Субъектiге тiкелей жазбаша өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста