Бір отбасы бар – тек қана қыз бала дүниеге келетін, енді бір отбасында тек қана ағайындылар өсіп жатыр. Тағы бір отбасылар бар – ұлды да, қызды да тәрбиелеп отыр.
Әлгі қыздары көп отбасылар ұл баланы армандайды, ал ұлы көптері қызды болғысы келеді. Мұның түрлі амалдарын қарастырып, аурухана-емханаларда табанын тоздыратын ерлі-зайыптылар қаншама... Бірі арнайы кестеге сүйенеді, енді бір жұптар овуляция күндерін бақылайды. Өзгесі бәрін бір Аллаға тапсырып, барға шүкіршілік етеді.
Алайда осы тақырып аясында түрі ғалымдар зерттеулер жүргізіп көрді. Зерттеулерге сәйкес, бәрі қарапайым, ұлды не қызды болу – тек өзіңізге байланысты.
Лондон экономикалық және саяси ғылым мектебінің докторы Сатоши Каназава қандай еркектен тек қана ұл туатынын анықтап көріпті. Оның зерттеуіне сәйкес, дөрекі, қатал, бар ашуын әйелінен алатын, қабағынан қар жауып тұратын ер адамдарда көбіне ұл бала болады екен. Тіпті, агрессивтілік ұрпақ дамуының бірден бір кепілі екенін ғылымда да дәлелденген дейді. Ал дене бітімі келіскен, қатты арық та, аса толық та емес әйелдер қыз бала тууға бейім келеді-мыс.
Зерттеу процесінде Каназава америкалық және ағылшын отбасыларының статистикасына көңіл бөлді. Нәтижесінде, күйеуі жиі соққыға жығатын әйелдер тек ұл босанған.
Ғалым мұны нақты дерек деп есептемейді, алайда агресситвліктің ер адамға айрықша әсер ететінін атап өтті. Ер адам ашуланшақ болса, ер адамдардағы Y-хромосомасын таситын сперматозоиды күштірек болады.
Бұл америкалық ғалымның топшылауы.
Ал қытайлық ғалымдар дүниеге қыз баланың не ұл баланың дүниеге келуін еркектің салмағымен байланыстырды. Зерттеушілердің болжамынша, артық салмақтан арыла алмай жүрген ер адамдардан көбіне ұл дүниеге келеді-міс.
Жалпы Қытай ғалымдары қызды немесе ұлды болудың негізінде түрлі факторлар жатқанын да жасырмады. Күйзелістен бастап, жай ғана таңқалу әрекеттері ерлі-зайыптылардың ұрпақ өрбітуіне тікелей әсер етеді.
Ғалымдар зерттеу барысында бедеулікпен күресіп жүрген 8500 жұпты бақылады. Анықталғандай, артық салмағы бар толық ер адамдардың бәрінде дерлік ұл бала дүниеге келген.
Америкадағы Оксфорд университетінің ғалымдары да ерекше зерттеу жасап көрді. Отбасында тек қыз баланың болуын әйел адаммен байланыстырды. Зерттеу нәтижесінде, үйінде не жұмысында күйзеліске жиі ұшырайтын әйел адамның отбасында көбіне қыз дүние есігін ашады.
Мұны анықтарда, ғалымдар 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында орын алған теракт уақытын бақылап көрді. Нәтижесінде, қалада ұл баланың өсімі тым сиреп кеткенге ұқсайды. Бұған қоса, 1991 жылдардағы Берлин қабырғасындағы экономикалық хаос кезеңінде де дүниеге тек қыз балалар келген екен.
Түйін, әйел адамның миы тыным таппайды, ол тек өз жағдайын ғана емес, мемлекеттегі не әлемдегі өзгерістерді де уайымдап, ой елегінен өткізіп жүреді.
Бұған қоса Оксфорд университетінің қызметкерлері зерттеуге Ұлыбританиядағы жүктілікті жоспарлап жүрген 338 әйелге күнделік бастауға тапсырма берді. Онда әйелдер әр күніндегі әрекеттері, қадамдары, шешімдері, солардан алған сезімдері жайлы жазуы тиіс. Тіпті күйеуімен болған әр әңгіме, әр әрекет маңызды еді.
Күйзеліс гормонының, яғни кортизолдың деңгейі жүктілікке бірнеше апта қалғанда зерттелді.
Нәтижесінде дүниеге келген сәбилердің 58-і ұл бала болса, 72-сі қыз болған. Дүниеге қыз әкелген әйелдердің кортизол деңгейі тым жоғары болған. Ал статистикаға сәйкес, Ұлыбританияда әр 100 қызға 105 еркектен келеді екен.
Бұл зерттеулерден бұрын, Шеффилд университетінің докторы Аллан Пейси де жүктілікке күйзелістің тікелей әсері туралы зерттеген. Пейсидің болжамынша, күйзеліс әйелдің жүкті болуына кедергі жасайтын құбылыс.
Атақты ресейлік психолог Татьяна Лучезарная да ұлды не қызды болудың себептерін анықтап көрді. Оның зерттеуі ерек. Әрі отбасында не ұл, не қыздың болуын тікелей әйелмен байланыстырды.
Психологтың алғашқы теориясына сәйкес, әйел адам нәзік, биязы, жұмсақ болмаса, дүниеге тек қыз бала әкеледі. Ал қыз отбасындағы әйел мен ер адамның энергиялық балансын толықтырады.
Мәселен, ана қызына қарап өзін тәрбиелейді. Нәзік болуға ұмтылады, себебі қызының да бойынан сондай қасиеттерді көргісі келеді. Ал күйеуі отбасындағы жалғыз ер адам болғандықтан, жауапкершілікті сезінеді. Әйелі мен қызына немесе қыздарына тіреу болу, қамқор болу жағын ойлап, еркектік мінезін, өр мінезін қалыптастыра түседі.
Лучезарнаяның екінші теориясына сәйкес, тек қыз бала дүниеге келетін отбасында күйеуінің әйеліне деген махабатты жетіспейді. Ал тек ұлы бар отбасында керісінше, әйелі күйеуін бұрынғыдан да қаттырақ сүюге ұмтылса игі.
Сонымен қатар қан жаңаруымен байланыстыратындар да бар. Мәселен, ер адамның қаны 4, ал әйелдерде ол әр 3 жылда жаңарып отырады. Осыны есепке алып көруге де болады екен. Бұл жерде әйелдің қаны жаңарған кезде көтерсе – қыз, ер адамның қаны жаңарғанда біткен шарана – ұл болатын көрінеді. Зерттеулер перзентін қан жаңаруына байланысты жоспарлаған отбасылардың 87 пайызы адаспайтынын көрсетеді.
Ал жалпы ғылымға сүйенсек, бәрі еркектің қолында екені айтылады:
Жиырма үш жұп хромосома туралы бәріміз білеміз. Соңғы жиырма үшінші жұп не ХХ (қыз), не ХҮ (ұл) болатыны да бәрімізге белгілі. Ол әр түрлі жұп хромосомалар тек еркектің ұрығында ғана болады. Әйелдің ұрығындағы хромосомалар ХХ және өзгермейді, яғни әйел қашанда қыз тууға дайын. Ал ұл табу үшін біраз тер төгу керек.
Рас, қазақ халқы ежелден ұрпағым жалғасса деп келді. Ол үшін шаңыраққа түскен келіннен ұл босануды талап еткендері қаншама. Мұндай түсінік әлі де сақталып қалған әулет те жетерлік. «Ұл туа алмаса, келіннің дені сау емес, бір ақау бар» деп тон піше салады.
Ал менің түсінігімде, бәрі ерлі-зайыптының ниетіне байланысты. «Шын қалаған, ниетіне жетеді» демекші ұлды не қызды болғыңыз келсе, армандаңыз, ниетіңізді түзеңіз... Және мынаны ұмытпаңыз: «Бірінші дүниеге қыз бала әкелетін әйел – берекелі жандардың қатарынан»...