Қан тапсыруға қандай құжаттар талап етiледi? Қандай жеңiлдiктер бередi немесе қанша ақша төлейдi?
Талғат ЕСКЕНДIР, Алматы облысы
«Республикалық қан орталығы» мамандарының берген мәлiметiне қарағанда қан тапсыру үшiн төмендегiдей құжаттар талап етiледi: мекенжайы туралы анықтама, донор 40 жаста болса, ЭКГ, әйел кiсiлерден гинекологтың анықтамасы, анализдер қорытындысы, флюрография, терапевтiң қорытындысы. Алматы қаласында немесе Алматы облысында тiркеуде болуыңыз мiндеттi. Донор қанды екi айда бiр рет тапсыруына рұқсат етiледi. Бiр ретте 450 грамм қан тапсыруға болады. Ол үшiн 2500 теңге төленедi. Ал плазманы әр 14 күннен кейiн, яғни бiр айда екi рет тапсыруға болады екен. Плазма тапсырғанда донордан бiр литр қан алынады да, одан сарысу ажыратылып алынып, қалған қан донорға қайта құйылады. Плазма тапсырғаныңыз үшiн 5092 теңге төленедi.
Қан тапсырып, қанша ақша алуға болады?
Последние статьи автора