Қамқоршысынан айырылған балаға жәрдемақы тиесілі ме?
Отбасымызда ұл бала болмады. Сондықтан ата-анамыз үш жыл бұрын, мен тұрмысқа шыққаннан кейін ер бала асырап алған еді. Бірақ олар баланың туу туралы куәлігін әзірлеп жүріп, көз жұмды. Енді ол балаға жәрдемақы қарастырыла ма?
Зарина БЕРІКҚЫЗЫ, Астана
ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшесінің жәрдемақы алуға құқығы бар. Атап айту қажет, қайтыс болған асыраушының 18 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн күтумен айналысатын және жұмыс iстемейтiн адам отбасының еңбекке жарамсыз мүшесі болып табылады. Жоғарыдағы Заңға сәйкес, кәмелет жасына толған бiлiм алушы азаматтардың асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша күндiзгi оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi жүйеде, жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқу орнын бiтiргенге дейiн, бiрақ 23 жастан асқанша жәрдемақы алуға мүмкіндік қарастырылған.