Қалдан құтылуға асықпаңыз

Қалдан құтылуға асықпаңыз

Денеде меңнің, қалдың көп болуы денсаулыққа зиян келтірмей ме? Туа біткен меңді хи­рургиялық жолмен алып тастауға бола ма?
Гүлнұр ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ,
Семей қаласы
Дәрігерлер бүгінгі күнге дейін адам денесіндегі мең мен қалдың 300-дей түрін анықтаған. Бір кез­дері әйелдер меңді сән көріп, өздерінде болмаса, қол­дан жасап алатын болған. Ал қазіргі кезде дене­дегі әрбір даққа дәрігерлер ғылыми тұрғыдан қарайды. Қал медициналық тілде «теріде пайда бо­ла­тын пигментті невус» деп аталады. Қатерлі емес ісік түріне жататын мең немесе қал кейде ас­қы­нып, қатерлі ісікке де айналуы мүмкін. Жаңадан туған балада мең өте аз болады. Әдетте мең жас­өспірім кезде көріне бастайды. Сондай-ақ ағзада гормондық өзгерістер болғанда, мысалы, әйелдің жүктілік кезінде денеде қара дақтар немесе мең пайда болады. Денсаулыққа қатер төндіретін, зиян­ды ісікке айналатын меңдер өте сирек кездеседі. Дегенмен «сақтанғанды сақтаймын» дегендей, абай болу керек. Егер денеңіздегі меңнің түсі өзгеріп, көлемі ұлғайса, ертерек тері дәрігеріне қаралыңыз. Бірақ ешқашан өздігіңізбен меңге, қалға тиіспеңіз. Міндетті түрде мамандардың кеңесіне құлақ тү­ріңіз. Дәрігерлер сізді алаңдатқан меңді мұқият тексеріп, денсаулығыңызға залалы келмейтіндей әдіс қолданады. Заманауи медицинадағы ең үл­кен жаңалықтардың бірі – лазер. Бүгінде меңді осындай лазерлі радиотолқындар арқылы алып тас­тауға да болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста