Кәкімжан Қазыбаев есімі қалың жұртшылыққа жазушы, аудармашы, көсемсөз шебері ретінде де кеңінен танымал. Осы ретте, қаламгердің әдебиет пен публицистика жанрындағы ірі шығармалары, үлкен еңбегі туралы жазсаңыздар екен?
Ағайша БЕКСҰЛТАН, Есік қаласы
К.Қазыбаевтың қаламынан туған көптеген мақалалар мен очерктер, көркем әдеби және публицистикалық туындылар, «Кернеген кек», «Құпия», «Ызғар», «Сұрапыл», «Октябрь өрендері», «Ақиқатқа ар серік», «Аманат», «Қышыма» атты романдары мен повестері оқырман қауым мен сыншылардан жоғары бағасын алған. Ол сондай-ақ орыс тілінде «Изморозь», «Наказ», «Советский Казахстан» және «Қара сел» атты үш актілі пьеса жазған. Қаламгер жайында «Көзден кетіп, көңілде қалған», «Азамат еді еңселі» деген атпен естелік кітаптар шыққан.
Кәкімжан Қазыбаев туралы әңгіме қозғалғанда, ең бірінші, ол кісінің Бауыржан Момышұлынан тәлім-тәрбие алғандығы, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр Рақымжан Қошқарбаев жайлы бірінші болып очерк жазып, Халық Қаһарманы атағын иеленуіне ықпал еткендігі ойға оралады. Мұның сыртында, қазақ журналистикасының корифейі атанған Кәкімжан Қазыбаев – ұлт журналистерінің көптеген өкілдерін тәрбиелеген ұлағатты ұстаз.
Қаламгердің қандай ірі шығармалары бар?
Последние статьи автора