Қайық жүргізу құқығын қалай аламын?
Достарымыздың бірі жергілікті суқоймадағы демалыс орнына қайықпен серуендеу бизнесін енгізгісі келеді. Ол үшін қайық жүргізуге арнайы лицензия қажет пе? Қайда хабарласу керек?
Асылбек ЕРМЕКОВ, Ақтөбе қаласы
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мамандарының түсіндіруінше, шағын өлшемді су көліктерін басқару құқығына куәлік берумен осы министрліктің Көліктік бақылау комитеті айналысады. Облыс орталықтарында комитеттің аумақтық департаменттері немесе басқармалары бар. Қайық жүргізу құқығы арнайы аттестациялық емтиханнан өткен соң ғана беріледі. Бұл сынақтың өтетін мезгілі туралы мәліметті аумақтық органдардан алу қажет. Өтініш білдірушіден жеке басын куәландыратын құжаттар, су көлігінің құжаттары, тұтынушының тұрғылықты жеріндегі денсаулық сақтау мекемесі берген медициналық анықтама (№ 083/У үлгі), 3 x 4 см өлшемді үш фотосурет талап етіледі.