Әнші Қайрат Нұртастың қатысуымен өткен концерт кезіндегі тәртіпсіздікке байланысты қанша адам ұсталып, қанша адам жауапкершілікке тартылатын болды? Соны білейін деп едім.
Жанар Әлмұрзина, Алматы облысы
Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, «Прайм Плаза» ойын-сауық орталығы алаңында болған бұзақылық әрекеттер бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды. Тергеу Қ.Нұртас қатысқан концертті ұйымдастырушылардың белгіленген ережелер мен қағидаларды бұзғанын, тұлғалар тобының бұзақылық жасағанын, билік өкілдеріне қарсылық көрсеткенін және күш көрсетіп, өзгенің мүлкіне зақым келтіргенін анықтады. Оның ішінде, алты адам қару қолданып, қарақшылық жасаған, үш адам бұзақылық жасап, біреулердің мәшинесін айдап әкеткен. Тәртіпсіздікке қатысы бар тағы 10-нан астам айыпталушы іс материалдарымен танысып жатыр. Өз міндетін ұйымдастыруда шалағайлыққа жол берген «Бетта Стар» серіктестігінің басшылары да қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. Еске салайық, бұл оқиға тамыздың 31-і күні болды. «Прайм Плаза» орталығы алдындағы концертте тобырдың әрекетінен қауіптенген әнші Қайрат Нұртастың сахнадан кетіп қалуы жаппай тәртіпсіздікті туғызды.
Қайратқа өкпелілердің ісі не болды?
Последние статьи автора