Қай сала мамандары ең көп табыс табады?
Қазақстанда қай сала мамандары, қандай кәсіп иелері ең көп табыс табады?
Гүлмира САПИЕВА, Алматы облысы
ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, ең жоғарғы жалақы көмірсутегі шикізатын өндіру саласында жұмыспен қамтылған ұйымдардың басшыларында – 1 025 000 теңге тіркелді, бұл – тұтастай ел бойынша басшылардың орташа алатын жалақысынан 5-6 есе жоғары. Осы салада біліктілігі жоғары және орта мамандар жоғары жалақы – 285 мың теңге және тиісінше 208 мың теңге алатынын атап өткен жөн. «Жоғары жалақы төленетін» қаржы және сақтандыру компанияларының (638 мың теңге), әуе көлігі (544 мың теңге), металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары (443 мың теңге) басшылары болып табылады, яғни республика бойынша басшылардың орташа жалақы деңгейінен 2,5-3,5 есе жоғары.
Біліктілігі жоғары мамандар ішінен жоғары жалақы әуе және теміржол көлігі, құрылыс және қаржы қызметінде 110 мыңнан 195 мың теңгеге дейін, біліктілігі орта – құрылыс, көлік және қаржы саласында, мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде 100 мыңнан 190 мың теңгеге дейін белгіленді. Осы кәсіптер тобында төмен ақы төленетін жиһаз, тоқыма бұйымдары өндірісі, ауыл шаруашылығы, нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіру, білім беру және пошта қызметкерлерінде болды, олардың жалақылары 40-60 мың теңгені құрады. Ұйымдардың білікті жұмысшыларының орташа айлық жалақысы 74 мың теңгені, біліктілігі жоқтардікі 34 мың теңгені құрады.