Қай әдеби шығарма әлемде ең ықпалды?

Төрткүл дүниеге түгел танымал жазушылар да, әдеби шығармалар да, әрине, жетіп-артылады. Бірақ солардың ішіндегі ең ықпалдысы, яғни кеңінен мойындалғаны қайсысы?

Нұрбике БАҒАШАРОВА, Тараз қаласы

Wasafari атты әдебиет журналының зерттеулеріне сүйене отырып, The Gardian газеті жақында «Соңғы 25 жыл көлемінде әлемдік ықпалға ие болған ең атақты шығарма – «Жүз жылдық жалғыздық» романы» деген ақпарат таратқан. Бұл рейтингті түзу үшін журнал әлемнің ең танымал деген 25 жазушысына сұрау салыпты. Нәтижесінде әдебиетшілер бірауыздан колумбиялық жазушының 1967 жылы жарық көрген аталмыш романын «адамзат үшін өте маңызды» санайтындықтарын айтыпты. Шығарма авторы Габриэль Маркеске дауыс бергендердің бірі «бұл таңғажайып шығарма Батыс оқырмандарын өзге әлем өкілдеріне төзімділікпен қарауға үйретеді» десе, сауалнамаға жауап берушілердің енді біразы «Азия мен Африка жазушылары Маркестен кейін әлемдік әдебиет аренасына көптеп шыға бастады» деген пікір білдірген. Сондай-ақ Wasafari журналы: «Жүз жылдық жалғыздық» шыға бастаған уақытта Нобель сыйлығы тегі  қытай немесе африкалық және карибтік жазушыларға ешқашан берілген емес болатын», – деп атап көрсеткен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста